
Айлардың сұлтаны қасиетті рамазан айы жамағаттың басын намазда ғана емес ауызашарларда да біріктіріп, мерекесімен шаттыққа бөлеуде.
Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде күнделікті ауызашар дастархан жайылуда. Сонымен қатар, арнайы қонақтар шақырылып, құрмет көрсетілуде.
Кеше қаланың ардақты ардагерлері мешіттің сыйлы қонағы болды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл қарттармен дастархан басында сүбелі сұхбат құрып, ақсақалдардың батасын алды.
Сондай-ақ, қонақтарға мешіт атынан сыйлықтар табысталды.
Пікірлер