Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен түрлі іс-шаралар жоспарланып, бүгінде бірқатары жүзеге асырылуда. Солардың бірі, республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, өңір жамағатымен кездесу ұйымдастыру.
Осыған орай, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев Шайқымұлы Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келіп, мешіт жамағаттарымен кездесті.
Атап айтар болсақ, бейсенбі күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ауызашарға қатысып, «Рамазан – құлшылық айы» тақырыбында уағыз айтты. Бұдан кейін құптан намазы алдында мешітке жиылған жамағатты Берекелі Рамазан айымен құттықтап, тарауық намазын бірге оқыды.
Жұма күні облыстық мешітте «Отанды сүю иманнан» тақырыбында жұма уағызын айтып, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен алынған ғибратты мысалдармен Отанға деген махаббаттың қандай болу қажеттігін түсіндірді. Намаздан соң, Сыр жамағатымен бірге Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.
Пікірлер