Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: «Нұр Ғасырда» 1 миллион теңге Зекет берілді
17 мамыр, 2019 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Өтегенов Ардақ есімді азамат мұқтаж отбасыларға зекетін үлестірді. Қайырымдылық шарасын ашқан өкіл имам Төлеби Оспан жиналған қауымға Рамазан айының қадір-қасиетімен бірге, осы айда жасалған қайырымдылық пен жақсылықтың сауабы мол болатынын айтты.

«Рамазан айында амалдардың сауабы еселенеді. Сол себепті, дәулетті адамдар ораза айында Зекет беруге асығады. Ал, зекет - табысты берекелендіреді. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқан Ардақ Садақбайұлына алғыс білдіреміз. Сауаптан болсын!»,- деді.

Көмек әр түрлі санаттағы мұқтаж отбасыларға берілді. Сол тізімге жақында үйі өртеніп кеткен 2 отбасы да еніп отыр.

«Қасиетті айда Ардақ Садақбайұлының миллион теңгені зекет ретінде таратуы – жомарттығы һәм Жаратушының әміріне бағынуы деп білеміз. Біз басқа да кәсіпкер азаматтарды осындай сауапты іске атсалысуға шақырамыз»,- деді Төлеби Дәділұлы.

Өз кезегінде Ардақ Өтегенов жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтай келіп, «Сіздердің баталарыңызды алайық деп, отбасымыздың атынан зекет бермекпіз. Отбасыларыңызға амандық берсін!»,- деп, жүрекжарды лебізін бөлісті.

А.Өтегеновтың ата-анасы қажылық парызын өтеген абзал жандар. Жұбайымен бірге 4 бала тәрбиелеп отыр. Қалалық мәслихаттың депутаты. А.Садақбайұлының қайырымдылығы үшін Бас имам мешіт атынан алғыс айтып, жомарт жанның кәсібіне береке тіледі.

Бұл күні мұқтаж 40 адамның әрқайсысына 25 мың теңгеден беріліп, жалпы ақшалай 1 млн теңге таратылды. Апта соңында тағы бір үлкен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, А.Садақбайұлының демеушілігімен басқа да мұқтаж жандарға азық-түлік таратылады деп жоспарлануда.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары