
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастрыруымен «30 күнге 30 ауызашар» шарасы аясында Жетісу жеріндегі өнер майталмандары және БАҚ өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Дастархан басында бас қосқан өнер және баспасөз қызметкерлеріне өкіл имам Рамазан қасиеттері мен құндылықтары туралы өнегелі уағызын айтса, жарапазаншылар жиналған қауымға қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі Жарамазанды әндетіп, көпшілікті тәнті етті.
Берекелі өткен жиын соңында көпшілік бір-біріне ыстық ықыласты тілектер арқылы ниеттерін білдіріп, ризашылықпен тарқасты.
Пікірлер