Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ СӘДУАҚАС ҚАРИДЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
16 мамыр, 2019 жыл 309 Басып шығару нұсқасы

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз белгілі қари, «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Олжабайұлын қабылдады.

Кездесуде Сәдуақас қари Олжабайұлы өзі басқаратын қарилар дайындау орталығының жұмысын Бас мүфтиге баяндап берді. Сонымен қатар орталықтың алда атқаратын жоспарымен бөлісті.

Басқосуда қарилардың әлеуеті, рамазан айында мешіттерде оқылып жатқан Құран хатымның жүйесі, қасиетті Құран Кәрімді аудару мәселелері, республикалық Құран жарыстарын ұйымдастыру шаралары сөз болды.

«Қарилар дайындау – мүфтияттың жұмыс бағыттарының бірі. Аллаға шүкір, қазір шетелден қари алдырып, рамазан айында мешітте Құран хатым жасатуға мұқтаждық жоқ. Мешіттерімізді өз қариларымызбен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарға аса мән беруіміз керек», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти орталық директорына нақты тапсырмалар берді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары