Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды
11 мамыр, 2019 жыл 123 Басып шығару нұсқасы

Облыс орталығында бүгіннен бастап әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар үшін «Тегін – Қайырымдылық дүкені» жұмыс істейді, деп жазады  otyrar.kz.

«Ұлы Жеңіс күні» қарсаңында ашылу салтанаты өткен дүкен облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен қолға алынған.

Аталған шараға қала әкімі Ә.Өсербаев, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сауабы мол істің тұрғындар игілігі үшін қажеттілігі орасан екенін айтқан қала басшысы Әліпбек Өсербаев өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

«Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс істейді. Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажетілігіне қарай берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар енгізіледі», – деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов.

Қазіргі таңда дүкенде 2 тонна азық-түлік, 4 мың дана киім бар. Негізінен дүкеннің қоры қаладағы демеушілердің есебінен толықтырылады. Аталмыш дүкен қаламыздағы Әл-Фараби көшесі №26 үй мекенжайында орналасқан.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары