ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай, 50 отбасыға азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық шарасына қатысқан өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы: «Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек»,-дей келе, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік қалтасын үлестірді.
Акция аясында көмек алған көпбалалы аналар мен мұқтаж жандар Өкіл имам бастаған мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Пікірлер