Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Жусан» операциясының жалғасы: Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады
10 мамыр, 2019 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

 

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы - балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і - жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы», - делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жария еткен Мемлекет басшысының мәлімдемесінде. Қ.Тоқаевтың атап өтуінше, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар елге қайтарылған азаматтармен оңалту шараларын жүргізді. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді. «Қазірдің өзінде аталған жұмыстың оң нәтиже беріп отырғанын айтуға болады. Биыл қаңтар айында елге оралған әйелдер бұрынғы радикалдық өмірінен бас тартты, жұмысқа орналасты, туыстарымен қайта байланыс орнатты. Балалары мектепке, балабақшаға барды. Қақтығыс аймақтарына шыққан Қазақстан азаматтары мұндай ойсыз қадамға террористердің теріс, шын мәнінде, жалған үгіт-насихатының ықпалымен барды. Бүгінде олар жаңа өмір бастау үшін өз еркімен Қазақстанға оралып жатыр. Олардың жасаған қателігі үшін балалары өзге елде қиналып, зардап шекпеуі тиіс»,- деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент Қазақстан терроризммен күрес жүргізу, сондай-ақ қиын жағдайда қалған азаматтарына қол ұшын созу міндеттемелерінен бас тартпайтынын, гуманитарлық акция жалғаса беретінін атап өткен. «Біз өз азаматтарымыздың тағдырына ешқашан бей-жай қарамаймыз.Аталған гуманитарлық операцияға қатысқан Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және шетелдік серіктестерге алғысымды білдіремін», - деді Қ.Тоқаев.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары