Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҰЛТТЫҚ АРНАҒА СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО)
08 мамыр, 2019 жыл 236 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров «Қазақстан» ұлттық арнасына сұхбат берді. Сұхбатта Талғат Сейіткәрімұлы қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасаудың сауабы мен «Зекет» қорының игі бастамаларына тоқталды.

«Биылғы рамазанда мүфтият жамағатқа «Жақсылықта жарысайық» деген үндеу жолдады. Осы ретте рамазанда берілетін зекеттің маңыздылығы жайлы атап өткіміз келеді. Біз зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобилді қосымшасын іске қостық. Қосымшада «зекетті есептеу», «зекет кітабы», «қор туралы», «біздің іс-шаралар», «онлайн садақа жасау», «мұқтаж жандар базасы» сынды басты мәзірлер арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады. Мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау. Қордың басты ұстанымы – елімізде шариғат (ханафи мәзһабы негізінде) бойынша садақа-зекет беру дәстүрін қалыптастыру, қаржылық мөлдірлікті, бәріне бірдей ақшалай ашықтықты қамтамасыз ету», – деп атап өтті Талғат Омаров.

Айта кетсек, мобилді қосымшаның бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобилді қосымшаны «Play Mapкет» жүйесі арқылы «ҚМДБ зекет» сөзін жазып, жүктеп алуға болады.

2011 жылы ашылған ҚМДБ «Зекет» қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны шариғат үкімдеріне сай үлестіретін коммерциялық емес ұйым. Қордың құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Мақсаты – көмекке аса зәру жеке тұлғаларды әлеуметтік қолдау, Исламның лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету, т.б.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары