
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы бастаған аудандық мешіттің имам-молдалардың елге үндеу тастады.
«Қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпау туралы үндеу жасап отырмыз. Қоғамдағы барлық келеңсіздік пен қылмыс-қайшылық арақтан бастау алады десек, артық айтқандық емес. Сондықтан қасиетті оразада арақ сатпай, оны тұтынбай имандылыққа бет бұру, жастарға өнеге көрсету өте маңызды»,- деп атап өтті.
Күршім имамдары аудан көлеміндегі дүкендерді аралап Рамазан айында арақ-шарап сатпау туралы ұсыныстарын білдірді. Аудан имамының ұсынысын кәсіпкерлер де қолдап, арақ-шарап саудаламауға уағдаласты.
Бұл бастаманы Өскемен өңірінің басқа да аудандарында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Пікірлер