
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қ.Қамбарұлы Маңғыстау политехникалық колледжі мен беймемлекеттік орта кәсіптік білім беретін «Қайнар колледжінің» ұстаздарына «Жастар тәрбиесіндегі ұстаздардың орны», «Ислам дініндегі жастардың тәрбиесі» турасында дәріс оқыды.
Дәріс барысында наиб имам ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керектігін айтып өтті, себебі «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы»,- деген Әл-Фараби бабамыздың өсиетін айта келе, еліміздің болашағы болған жастарымызды жан-жақты тәрбиелеп, заман талабына сай білім беру керектігін айтты.
Жиын соңында наиб имам ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, ұлт тәрбиесіне өз үлесін қосып жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.
Пікірлер