
Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз.
Осы тұста, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы, теолог мамандары Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы және «Жастар жылы» аясында Талдықорған қаласы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. «Рухани жаңғыру – жастарға тағылым» тақырыбында өткен жиынға "Еркін" мешітінің наиб имамы Бұxарбаев Даулет Жеңісұлы, орталықтың бөлім басшылары С.Жаңабай және А.Бабатай қатысып, жастардың қоғамдағы айрықша рөлі жайлы пікір алмасты.
Пікірлер