
Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Рамазан айының қасиеттері баяндалды. Кентау қалалық орталық мешітінде наиб мүфти Алау Әділбаев Жұма уағызын айтты.
Ораза - парыз болғандықтан, ақыретте қарыз болмау үшін ізгі амалды атқаруға шақырды. Алла Тағаланың разылығы мен рақымына кенелетін айда құлшылықпен қатар қайырымдылық жасап, сансыз сауапқа ие болудың мүмкіндіктерін баяндады.
Әдетте орталық мешітке Жұмаға 2 мыңдай адам келсе, бүгін қарасы одан да қалың болды. Ғалым-ұстаз Алау Әділбаев кентаулық жамағатпен бірге Жұма намазын оқыды. Жиналған жамағат ақсақалдардың батасын алып тарқасты.
Пікірлер