
Адам баласы жеті әлемнің тілін білсе де артық етпейтін заманда, шәкірттердің білімін шыңдау Нұр-Мүбарак университетінің басты мақсаттарынан. Университет қабырғасында араб, ағылшын тілдерінен өтетін дәстүрлі олимпиада өте тартысты өтті. Жеңімпаздарды университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен «Салиқалы Ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков мырзалар марапаттады. Араб тілінен өткен пәндік олимпиадаға үш курс бойынша жалпы 184 үміткер қатысып, 9 жеңімпаз суырылып шықты:
1 курстан 100 үміткерден:
1-орын: Мусина Н.
2-орын: Елеусызбаева Н.
3-орын: Әділханова Ж.
2 курстан 55 студент бақ сынады:
1-орын: Кәдіров Б.
2-орын: Тойғажинов А.
3-орын: Асылбек А.
3 курстан 29 студент:
1-орын: Садуев Ч.
2-орын: Идирова А.
3-орын: Қалмұрат Е.
Ал ағылшын тілі бойынша университетаралық пәндік олимпиададан 2 курс бойынша 47 студент бақ сынады. Нәтижесінде 1 курс: 1-орын Тобықбаева А., 2-орын Сарсенова Қ., 3-орын: Майлан Ә. Ал 2 курс бойынша Т.Садуақасова бірінші орынға ие болды.
Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат мырза студенттерге қолдау жасап, бағалы сыйлықтармен қуантқан «Салиқалы Ұрпақ» қорының өкілдеріне де ризашылық білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Пікірлер