
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Оразада дұрыс тамақтану және ғайбаттан тиылу" тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.
Семинарды Талдықорған орталық "Иман" мешітінің ұстазы Мүтебаева Сабира және "Еркін" мешітінің ұстазы, сертификатталған диетолог Идрисова Нүргүл жүргізді.
Семинарда Рамазан айындағы оразада тамақтану әдебі, жалпы, тағамның ораза ұстаушыға әсері, оразаның адам организміне пайдасы, оразаның жеңіл өтуі, қандай тамақ түрлерін таңдаған дұрыс деген сияқты мәселелер қозғалды.
Ораза тек ішіп-жеуді тоқтатумен ғана емес, оразада тілге де тоқтам салудың маңыздылығы кеңінен айтылып өтті.
Семинар соңында Рамазан айының құрметіне тренинг қатысушыларына сыйлықтар таратылды.
Пікірлер