
Жастар жылына орай, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы мен «Ансар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін. Қоғам. Жастар» аймақтық жастар форумы өтті, деп жазады Aktobenews.kz.
Аймақтық форумға Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан арнайы мамандар қатысқан.
Форумның ашылу салтанатында сөз алған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов ұйымдастырып жатқан шараға сәттілік тіледі. Дін істер басқармасы мен «Аңсар» ақпарат талдау орталығының жастармен жасалып жатқан жұмыстарына жоғары баға берді.
Спикер ретінде «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Ахметбек Нұрсила, «Үммет жастары» қайырымдылық қорының төрағасы Руслан Баймұханов, «Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Елеусізов қатысып, өздерінің тәжірибесімен бөлісті.
Форум соңында әлеуметтік жағдайы төмен төрт отбасыға 50000 теңгелік сертификаттар тапсырылып, қайырымдылық және қоғамдық шараларда белсенділік танытып жүрген жастар марапатталды.
Пікірлер