Қостанай облысының өкілі Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы өңірлік коммуникациялар қызметі залында Рамазан айына байланысты брифинг өткізді. Кездесуде алдағы қасиетті айдың 6 мамырда басталып, 30 күнге жалғасатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, 5 мамырдан бастап тарауық намазынан соң арнайы көлік жүретінін, күнделікті облыстық мешітте 500-600 кісіге ауызашар ұйымдастырылып жатқаны жайлы құлағдар етті.
«Бұл ай - Құран түскен ай, сондықтан тек қана ішіп-жеуден тыйылып қоймай құлшылықты күшейтіп, Құран оқып, оқу білмейтіндер болса үйренуге шақырамын. Себебі, өзге айлардан қарағанда Рамазан айының әрбір күніне жазылатын сауаптың шексіз екендігі туралы хадисте айтылған»,- деді бас имам.
Халыққа толық ақпарат жетуі үшін Рудный қаласының Бас имамы Азамат Серікбайұлы Рамазанға қатысты журналистердің сұрақтарына орыс тілінде де жауап берді.
Пікірлер