Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау: Өкіл имам мешітте уағыз айтты
30 сәуір, 2019 жыл 161 Басып шығару нұсқасы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы «Қосай-ата» мешітінде «Ислам және жастар» жылы аясында жастарды қасиетті Рамазан айымен арнайы құттықтауға келген Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков шам мен құптан намаздары арасында жамағатқа «Ниеттің маңыздылығы» турасында әсерлі уағыз айтты.

Өкіл имам: "Пайғамбарымыздың «Амалдардың қабыл болуы, әрі сауапты болуы ниетке байланысты. Кімде кім неге ниет етсе соның қарымтасын алады»,- деген хадисын айта келе, «Алла хұзырында жасалған сауапты амалдарымыздың қабыл болуын қаласақ алдымен ниетімізді туралап алуымыз керек, ал ниеттің орныққан жері - жүрек", - деді.

Сонымен қатар өкіл имам Ислам дінін жастайынан ерте қабылдаған Хазреті Әли  мен Сағд ибн Абу Уаққас сыңды сахабалардың өнегелі өмірін үлге ете келе, жастық шақта жасалған ғибадаттың маңыздылығын айтып өтті.

Рухани уағыздан кейін жамағат дастархан алдында бас қосып, өкіл имам жастардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары