
Жақында Ақжайық өңіріне келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Əділбаев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінде болып, жамағатпен жүздесті.
Наиб мүфти «Пайғамбарымыздың заманындағы көркем-мінездің қалыптасуы және қазіргі таңдағы мұсылманның келбеті» тақырыбында уағыз айтты.
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және тәлім-тәрбиесінде өскен адал сахабалар өз өмірлерін басқалардың бақыты үшін арнауды үйреткен. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Жомарт – Аллаға, жəннəтқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жəннəттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын» деген. Жалпы мұсылман өзгеруді өзінен бастау керек»,-деді Алау Әділбаев.
Әсерлі, рухани уағыздан кейін барша жамағат наиб мүфтиге алғысын айтты.
Пікірлер