
Жұмада Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев облыстық орталық мешітіне жиналған жамағатпен кездесіп, жұма уағызын жүргізді.
Наиб мүфти «Тыныштық-Тәңір сыйы» атты тақырыбында уағыз айтып, көпшілікке кеңінен түсіндірді.
Жиналған жамағат наиб мүфтидің насихатын ұйып тыңдады.
Алла Тағала елімізді тыныштығынан, береке-бірлігінен айырмасын! Ел басында, дін басында халқына қызмет қылып жүрген азаматтарымызға күш-қуат берсін!
Пікірлер