Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде
29 сәуір, 2019 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Құранға деген махаббат» тақырыбында уағыз-насихат айтты, деп хабарлайды sunna.kz сайтына сілтемежасаған ummet.kz тілшісі. Айлардың сұлтаны болған Рамазан айына да санаулы ғана күндер қалды. Мұсылмандар бұл қасиетті айда қандай амал жасағаны абзал болмақ? Міне, осы жайында тағылымы бол, салихалы сұхбат болды. 

«Рамазана айы Құран айы» деп те аталады. Өйткені Құранның алғашқы аяты осы айда түскен. Алла Тағала қасиетті кітабымызда былай деген:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ

«Рамазан айы – адамзатқа жолбастаушы болған һәм тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай» (Бақара сүресі, 185 аят).

Рамазан айында Құран Кәрімге ерекше ден қоюымыз керек. Себебі, осы айда Құран түскен. Имам әз-Зуһри рамазан айы кірген сәтте:

«Бұл (яғни, рамазан) – Құран оқу мен адамдарды тамақтандыратын ай»,-дейтін. Ибн Аъбдул Хакам айтады: «Имам Мәлик рамазан айы кірген кезде хадиспен айналысудан және ілім иелерімен мәжіліс құруын ығысып, Құранды жүзіне қарап оқуға бет бұратын еді», – деді Асқар Әбітайұлы.

Сондай-ақ, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, және демуші азаматтардың көмегімен қасиетті Шағыбан айының құрметіне жайылған ауызашар дастарханына 100-ден астам жамағат жиналды. Шара соңында құран оқылып, ақсақал дастархан батасын берді .

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары