
Нұр-Мүбарак университетіне Қазақстандағы Египет Араб республикасының төтенше және өкілетті елшісінің міндетін атқарушы Абдулхами Рофиғи бастаған делегация арнайы ат басын тіреді.
Абдулхамид Рофиғи мырзаның Нұр-Мүбарак университетіне алғаш рет келуі. Сондай-ақ қонақтар құрамында Мысыр елшілігінің Алматыдағы Мысыр мәдениеті мен білім ісі жөніндегі орталық директоры доктор Ранда Махмуд Ризк келді. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жиндидің арнайы қабылдауынан кейін университет ұжымы, шәкірттермен кездесу қасиетті Құранмен басталды. Екі ел әнұраны қойылған ресми кездесуде алғашқы сөз студент Шыңғыс Садуевке берілді. Ол мәртебелі қонақтарға араб тілінде алып жатқан білімі, тәлім-тәрбисі жайлы айта келе алғысын білдірді. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат Нұр-Мүбарак университетінің екі ел арасындағы маңыздылығын ғана емес,Орта Азиядағы ислам ғылымын дамытудағы орнына тоқтала келе:
Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев құрметті қонақтарға ризашылығын білдіріп, университеттің болашақ жоспарларына да қысқаша тоқталып өтті. Салтанатты жиыннан кейін Нұр-Мүбарак университеті мен Алматыдағы Мысыр мәдениет пен білім орталығы әріптестік келісімшартқа қол қойды. Осы келісімшарт негізінде қос тарап түрлі іс-шаралар мен жобаларды бірлесе атқармақ.
Пікірлер