
Атырау облысына қарасты қала және аудан имамдарының алқалы басқосуы өтті. Өңір имамдары қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтап, бір қатар тапсырма алды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров имамдарға Рамазан кезінде мешіттерде қазақы дәстүрге сай қызмет көрсетуді тапсырды. «Мешіттердің жанынан киізүйлер құрылатын болады. Отыз күн оразада аталған киізүйлерде ауызашар дастарханы ұйымдастырылады. Рамазан айына қатысты біршама қайырымдылық істер ұйымдастыру да көзделіп отыр», - деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Берденұлы.
Рамазан айын халықпен бірге берекелі өткізуге, игілікті де қайырымды шараларды жасауға Атырау өңірінің имамдары бірауыздан әзір екендіктерін жеткізді.
Пікірлер