
Кеше Ақжайық төрінде, Орал орталық мешітінде ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің және республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Сансызбай Құрбанұлы мешіт жамағатына уағыз-насихат айтты.
Облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов құптаң намазына жиналған жамағатқа ұстазды таныстырды. Жамағат Сансызбай ұстаздың өте ғибратты да әсерлі кеңестері мен насихатын тыңдады. Сансызбай ұстаз белгілі Имам Әбу Ханифа мен сахабалар мен табиғиндердің айтып кеткен насихаттары мен үлгіаларлық оқиғаларды келтіріп кетті. Жандарына ыстық болып кеткен ұстаздарын жамағат құшақ жайып қарсы алып, уағыздарын сүйсініп тыңдады.
Пікірлер