
ҚМДБ-ның Жастар жылы бастамасына орай Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылында "Бүгінгі жасөспірімдердің исламдағы танымы және орны" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы, аудан имамдары, құқық қорғау және әкімшілік қызметкерлері, колледж ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Алғы сөзді бастаған өкіл имам, еліміздің жастары білімді, салауатты және иманды болып, өздерін елжандылыққа, бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуі керектігін жеткізіп, ҚМДБ-ның жастарды тәрбиелеу саласында атқарып отырған іс-шараларын баяндады.
Дөңгелек үстел барысында өскелең ұрпақтың болашақта білікті де білімді, салихалы һәм ұлтжанды тұлға болып қалыптасауына дін мен дәстүр құндылықтары әсер беретіндігі айтылып, келешек ұрпақ халқымыздың салт-дәстүрі мен ислам дінінің құндылықтарын жадында сақтау қажеттілігі сөз етілді. Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Пікірлер