Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
РФ Томск: Өкіл имам аймақаралық жиынға қатысуда (ФОТО)
19 сәуір, 2019 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

 

Ресейдің Томск қаласында «Ұлтаралық келісім, әділеттілік пен дамуды қамтамасыз етудегі дәстүрлі исламның діни құндылықтарының маңызы» атты аймақаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Бұл халықаралық маңызы зор ғылыми жиынға Қазақстан, Ресей және Моңғолияның ислам діні саласындағы өкілдері қатысуда.

 Аймақаралық ірі жиында ҚМДБ-ның атынан қатысқан Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөз кезегін алып, қатысушыларға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің арнайы ықылас, сәлемін жеткізді. Өкіл имам: «Ұлтаралық татулықпен келісімді баянды етуде Ислами дәстүрлі құндылықтардың рухани әлеуеті айырықша. Исламның басты ұраны-бейбітшілік пен келісім. Жер бетіндегі барлық адамзат баласы бір-біріне шынайы құрмет пен татулықтың үлгісін көрсетіп өмір сүру туралы Исламда барынша насихатталған» деді. Ермек Қасболатұлы сонымен қатар исламның дәстүрлі құндылықтарына терең талдау жасай отырып, Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың озық үлгісі туралы баяндады.

Өкіл имам сонымен қатар Қазақ еліндегі ұлтаралық татулыққа ҚМДБ-ның қосып келе жатқан үлесі туралы жеткізіп, осы бағытта жүйелі түрде атқарылып келе жатқаны игі бастамалар туралы айтып өтті.

 Жиында сөз сөйлеген қатысушылар ұлтаралық татулықты нығайтудағы Исламның дәстүрлі құндылықтарының салауаты мен маңызы жайлы құнды ойларын ортаға салды.

Ғылыми-тәжірибелік конференция-қатысушылар тарапынан құнды пікірлер мен салауатты ойларға толы тағылымы мол шара ретінде бағаланды.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары