
ҚМДБ-ның наиб мүфтиі және Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің ректоры бастаған делегация Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінде кездесу өткізді.
Кездесу аясында наиб мүфти, PhD докторы Алау Әділбаев қасиетті Құран Кәрімді толық жаттау және қыз-баланың тәрбиесі туралы дәріс оқыды. Доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди қари қыздарға ақ батасын берді.
Орталық басшысы Қалиолла Маджанов оқу орталығының оқу базасымен таныстырып, ғимараттың 120 шәкіртке арналғандығын. Ғимаратта 5 сынып бөлмесі, 150 адамға арналған конференция залы, намазхана, хатақхана, 150 кісіге арналған асхана, компьютер сыныбы, тігін шеберхана бөлемесі, спорт залы, кір жуатын арнайы бөлме орналасқандығын атап өтті.
Бүгінгі таңда 5 ұстаз, 2 тәрбиеші, аспаз, жалпы 20 қызметкер қызмет жасайды. Шәкірттерге Құран Кәрім жаттаудан бөлек, ақида (сенім), ахлақ (әдептілік), сияр (Ислам тарихы), фиқһ (шариғат үкімдері) дәрістері оқытылады.
Пікірлер