Жуырда, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасы аясында өткен халықаралық шараның жалғасы ретінде ҚМДБ-ның Шымкент бойынша өкілдігі «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» аймақтық форумын өткізді.
Форумға ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, наиб мүфти Алау Әділбаев, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди бастаған делегация, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін басқармасы «Діни мәселелерді зарттеу орталығы» басшылығы және Шымкент, Түркістан, Қызылорда облысының өкіл имамдары мен дін қызметкерлері, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Наиб мүфти, PhD докторы Алау Әділбаев модераторлық еткен келелі жиында профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди «Имам Матуруди ақидасының маңызы» жайлы, «Діни мәселелерді зерттеу орталығының» директоры Асылбек Әуесханұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» туралы баяндама жасады. Ал, исламтанушы, PhD докторы Қайрат Құрманбаев «Имам Матуруди және жастар тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, форум аясында Шымкент қаласының бас имамы Б.Бейсенбаев жастарға арнайы үндеу жариялады.
Осы орайда, форумның өтуі үшін мәжіліс залын ұсынған АИУ-нің ақпараттық жаратылыстану иституты басшылығына ризашылдық білдіреміз.
Пікірлер