
ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық мешітінде қасиетті Құран кәрімнің 28,29,30 параларын жатқа, катесіз айтудан Құран жарысы өтті.
Облыс бойынша 20-дан аса үміткер қатысқан шарада, Қарақия ауданының бас имамы Хамит Тәбәрәк, жас қари Сатешов Сақи және Ар-Рахман мешітінің имамы Акса Юнус төрелік етті.
Қарақия ауданының бас имамы Хамит Тәбәрак жарыста Құран оқудың артықшылығы, оған амал ету мен Құран жаттаудың сауабы турасында мағыналы уағыз айтып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі.
Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша:
Бас жүлде Қусаев Мұхаммад (300 000тг)
I-орын Жаңбыров Хамит (150 000тг)
II- орын Нұрлыев Силап (100 000 тг)
III- орын Жеңіс Дамир (80 000 тг) иеленді.
Жарыс соңында барлық қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, ас берілді.
Пікірлер