ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген VIII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысына төрелік етуге шақыртылған «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушылары, PhD доктор Мухаммед Хаттаб пен Мадиһ Абдулла Сыр жамағатымен кездесті.
Араб ұстаздармен бірге Сыр еліне арнайы атбасын бұрған құрметті қонақтар - «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Сейддмұхаммед Абдунаим және «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының директоры Амангелді Еренғайыпұлы сәулеті келіскен "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде құптан намазын оқып, жамағатпен бірге дұға жасады.
Бұдан кейін қонақтар мешіт жанындағы асханада өтетін сенбілік «Балқымызға» қатысып, кездесуге жиылған 230-дан астам жамағатпен ақ дастарқан басында емен-жарқын сұхбат құрып, жылы лебіздерін жеткізді.
Пікірлер