Түрлі ағым сананы улаған мына заматта келер ұрпақтың солардың жетегіне еніп кетпесе екен деген ниетпен елімізде мемлекеттік мекемелермен қатар мешіт, медреселер де бір кісідей қызмет ету үстінде. Солардың бірі «UZYNAGASH» мешіті. Бұл мешіттің бас имамы Нұрдәулет Төрежанов ауыл жастарына дәріс өткізіп, дін мен дәстүрді ұштастырып түрлі жарыстар мен байқаулар өткізіп келеді. Соның бірі жуырда ғана өткен «Алланың көркем есімдерін» жаттаудан өткен байқау. Бұл байқауға 13 жасөсіпірім қатысып, бағын сынап көрді. Нәтижесінде бас жүлдені иеленген Біләл Жұматайұлы велосипед пен 5000 теңге ұтып алса, 1-орын алған Назарбек Маликжанұлы смартфон мен 5000 теңгеге ие болды. Ал, 2-орын алған Пейіл Тілеуберді болса телефон мен 4000 теңгені қанағат тұтты. Сондай-ақ,3-орыннан көрінген Нығмет Нұрдәулетұлы да телефон мен 3000 теңгені жеңіп алған болса, 4-орын алған Ақжол Қызырхан ұялы телефонмен 2000 теңгегені қанжығасына байлады.Ал 5-орынға табан тіреген Арман Ануарбек ақшалай 5000 теңгеге ие болды.
Расымен жас балаларды тал шыбықтай жаңадан бой түзеп келе жатқанында дұрыс жол көрсетіп жіберсе келешекте діңгегі мықты болып өскен емендей болатыны жасырын емес. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген мешіт имамдарына Алла разы болып, өз рахымына бөлесін демекпіз біз де.
Пікірлер