Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семейде салынып жатқан мешіт 2020 жылдың жазында ашылады
15 сәуір, 2019 жыл 134 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде жаңа мешіттің құрылысы белсенді жүргізілуде. Құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысқан қала әкімі Ермак Сәлімов коммуналдық мекемелерге мешітке қажетті барлық инженерлік коммуникацияларды ұсыну мәселесін жақын арада шешуді тапсырды.
Ал құрылыс компаниясының өкілі Тұрсын Тастекеев қала әкіміне ғимаратқа шыны күмбез орнатылатынын айтты. 

«Алматыда осындай заттарды шығаратын зауыт бар. Қазір біз келіссөздер жүргізудеміз. Бұл күмбез мешіттің іші жарық болуына мүмкіндік береді», - деді Т. Тастекеев. 

Жоба бойынша 2700-3000 адамға есептелген мешіт мұнарасының биіктігі 37 метрді құрайды. Ғимараттың төменгі қабаттында қатымхана орналасып, мешіт алдында 700 көлікке арналған автотұрақ салынатын болады.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпірлер бой көтереді.

Еске сала кетейік, 10 жыл тұралаған мешіттің қүрылысы өткен жылдың маусым айында қайта басталған  болатын.

 

 



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары