Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент: VIIІ Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
09 сәуір, 2019 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің мәжіліс залында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIIІ Республикалық жарысына іріктеу сайысы ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз хазреттің бастамасымен қолға алынған дүбірлі шараның іріктеу сайысында өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев арнайы сөз алып, барша қариларға сәттілік тіледі.

Іріктеу сайысының аділқазы алқасында елімізге белгілі ұстаз-қарилар Кәмілжан Садықов, Ықыласхан Майлан, Осман Өзташ, Ғалымжан Уақасов сынды қарилар төрелік етті.

Жалпы, іріктеу сайысына 65 қари қатысты. Топтан оза шауып жүлдеге ие болғандарға төрт номинация бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші орын иегерлеріне қаржылай және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, бірінші орын иегелеріне Алматы қаласында өтетін VIIІ Республикалық жарысына жолдама берілді. 

30 пара бойынша:

1-орын Қадыржан Ураймжанов

2-орын Абдулбосит Хикматханов

3-орын Иманәлі Мырзагелді

20 пара бойынша:

1-орын Рамазан Дархан

2-орын Самат Әшімханов

3-орын Ғұламжан Расулов

10 пара бойынша:

1-орын Абдукодир Юсантаев

2-орын Абай Шыңғысұлы

3-орын Сәуірбай Нұрсұлтан

Мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын Хабибуллаһ Ишигов

2-орын Раушанбек Мырзаев

3-орын Ғиасжан Абдурашидов

Мұнымен қатар, іріктеу сайысына қатысқан барша қариларымызға өкілдік тарапынан арнайы алғыс хаты табыс етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары