
Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Алматы – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы рухани және адамгершілік» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен қалалық Қоғамдық даму басқарма басшылары қатысқан жиында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди:
Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Айдар Есенбеков мырза: «Елімізде жемқорлыққа қарсы күресте дін мамандарының, имамдардың, яғни Нұр-Мүбарак университеті түлектерінің үлесі зор. Өйткені ислам дінінде пара алушы да, берушінің де күнәсі ауыр. Осыны діни қызметкерлеріміз жақсы түсініп қана қоймай, қоғамда тазалықтың орнауына барынша ат салысып, жамағаттарды ұйытып, адалдыққа бастап жатқанына куәміз»,-деп діни мамандардың қоғамдық кеселге қарсы күрескерлік қызметтерін де ерекше атап өтті. Ал проректор, профессор Қайрат Құрманбаев:
Модератор ҚРМҚІСЖҚІҚ агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент өкілі Елнар Игіліков семинар кеңестің өтуіне ат салысқан Нұр-Мүбарак университетінің басшылығына, студенттерге зор алғысын білдіріп, бұл кеңестің де өз жемісін беретіндігіне сенім білдірді.
Пікірлер