Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Таразда әйелдер арасында спорттық сайыс өтті
05 сәуір, 2019 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

Таразда ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасындағы спорттық турнир ұйымдастырылды. Әйелдер арасындағы жарыс сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның көпшілікті бірлікке шақырған рухты сөздерімен ашылды.

Салауатты өмір салтын ұстану, әйелдер қауымын спортпен шұғылдандану арқылы бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайта түсу мақсатында қала мешіттерінің жамағаты екі топқа бөлініп волейболдан сынға түссе, нәзік жандылар жеке-жеке қол күрестіріп, күштерін байқады. 

Мешіттердегі әйел қызметкерлер, ұстаздар мен шәкірттер қатысқан тартысты, қызықты, әрі сергек өткен іс-шарада қол күрес сайысы бойынша 1 орынды "Һибатулла Тарази"  медресесінің әдіскері Меруерт Құрманбаева қанжығасына байласа, 2 орынды "Һибатулла Тарази" мешітінің шәкірті Ақмарал Нұрсейтова, 3 орынды "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірті Марал Қашқынова жеңді. 

Ал волейбол сайысы бойынша, 1 орынды "Қыран" шәкірттер тобы иеленсе, "Жүйрік" шәкірттер тобы 2 орынды қанағат тұтты. 

Дүбірлі додада бақ сынаған барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар алды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары