
ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау Әділбаев Түркістан қаласындағы "Тұяқбай" мешітінде насихат айтты. Уағыз Ережеп, Шағбан, Рамазан айларының қасиеттеріне арналды.
Жамағатпен жүздесу еркін тақырыпта сұрақ-жауап алысумен жалғасын тапты. Наиб Мүфти ілім ізденудің артықшылықтарына тоқталды. Білімді білім иелерінен алу Құранда бұйырылғанын еске салды. Құптан намазына дейін де, кейін де кеңінен насихат айтқан ғалым-ұстазға жамағат алғысын білдірді. Бүгінгі қоғамға имани рухани орта керектігін жеткізіп қалды.
Пікірлер