
Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қаридар дайындау орталығының әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды.
Мерекелік шараға аталмыш оқу орнының құрылтайшысы Қалиолла Маджанов, «Ықылас» қаридар дайында орталығының директоры Ықыласхан Майлан, қалалық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің ұстазы Балжан Досжанова т.б. ұстаздар мен шәкірттер қатысты.
Ұйымдастырылған шара барысында Қалиолла Маджанов ақыл-кеңестер беріп, құттықтау сөзін айтып, ақ батасын берді. Ал ұстаздар мен шәкірт қыздар тарапынан ғибратты әңгімелер, сахналық көріністер қойылып, қатысушылар рухани нәр алды.
Осыдан кейін, әйел ұстаздар арнайы қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды. Оған шәкірт қыздардың қолдарынан шыққан (тәсбі, моншақ, құрақ көрпе, т.б.) қолөнер бұйымдар қойылып, сатылымға шықты.
Айта кету керек, мерекелік дастарханға 200 адам қатысты.
Пікірлер