
Жастар ресурстық орталығы мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жастарға қызмет көрсету орталығында «Жастар жылы» аясында қабылданған меморандумның жұмыс бағытына сай ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлының қатысуымен «Иман айнасы» атты кездесу өтті.
Шараның мақсаты - жастарды отансүйгіштікке, дінге, елге қызмет етуге баулу. Кездесуде адамгершілік, тәрбие, ұлттық болмыс, уақытты тиімді пайдалану, елге, дінге қызмет ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Өз кезегінде Жастар ойларын ортаға салып, ұстазымызға жан-жақты сұрақтар қойды. Жас буын өкілдері кездесуден руxани серпіліп қалғаны сөзсіз.
Пікірлер