
1 сәуір күні Маңғыстау облыстық орталық мешіт ауласына өкіл имам С.Сейтбековтың бастамасымен мешіт қызметкерлерімен қоса осы мешіттің ұйымшыл жамағаты бірлесіп мешіт ауласына жетпіс бес жеміс ағаштарын отырғызып, мешіттің көркіне көрік қосты.
Ағаш отырғызу шарасында сонымен қатар мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.
Мешіт ауласын көгалдандыру мен тазалық жұмыстары алда жалғасын табатын болады.
Пікірлер