
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ өкілдері Сыр өңірінің ардагерлерімен кездесті.
Кездесуге қатысқан ҚМДБ-ның Төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы А.Әділбаев пен ҚМДБ «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет, РАНТ мүшесі Б.Әбдуәлі, Сыр өңіріндегі Өкіл имам Б.Абуов пен жергілікті имамдар, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов және Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев бастаған бір топ ардагерлер қоғамда өршіп тұрған өзекті мәселелерді талқылады.
Нақтырақ айтқанда, жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты қаралы үйдегі ысырапшылдық және мәйітті үйде бір немесе бірнеше күн ұстау деген секілді өзге де шариғатқа қайшы амалдардың орын алуына байланысты сөз қозғалды. Келелі сұхбат барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы аталмыш әрекеттерді құптамайтындықтарын жеткізіп, жергілікті халыққа түсіндірме жұмыстарын бірлесе жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.
Пікірлер