Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі ойдағыдай аталып өтілді.
Мешіт ауласында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Оған қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты. Мәселен, гір тасын көтеру, қол күресі, қой көтеру, арқан тарту секілді қара күшті қажет ететін жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осы күні «Әйелдер-қыздар» секторы да қайрымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда сатылымға қойылған заттардан жиналған қаражат қайрымдылыққа арналды.
Пікірлер