Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Сырым ауданындағы спорттық шара
28 наурыз, 2019 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Жақында Сырым ауданында Ережеп айының құрметіне орай мешіт жамағаттары арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Сырым аудандық мешіті мен «Сырым» ҚБ-тің ұйымдастыруымен Ережеп айын ерекше тойлады. Ұлттық ойынға тек аудан орталығы жамағатымен қоса жосалы ауылының қоңыр мешіті жамағаты қатынасты.

Биылғы шарада ұлттық ойындарға аса мән беріліп, жамағат «асық ату», «арқан тартыс», « тоғызқұмалақ», «гір тасын көтеру» мен «футбол» ойыны ойнатылды.

Жарыс нәтижесінде Гір тасын көтеруден - Тимур Шахиев,Жасұлан Ақжол, Таңат Қаусов үздік көрінсе, арқан тартыстан - Жастар Жымпиты, Жосалы құрамалары өзара бөлісті, Тоғызқұмалақтан – Қуаныш Үсенов, Наурызбай Әділхан, Ғаділет Орынбайлар орындарға ие болды. Ал, асық атудан Бағдат, Хамзин Дәурен, Құрманбай Мерешевтің асықтары алшысынан түссе, футболдан - Жастар Жымпиты, Сырым және Айбын топтарының бақтары жанды. Жарыстың мақсаты-аудан жамағатының бірлігін нығайту, Елбасымыз бен дінбасымыздың айтқандарындай ұлттық құндылықтарымызды дамыту. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Жарыстан кейін ақдастархан жайылып, аудан имамы Әлішер Ерәлиев «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, көпшіліктің көңілінен шықты.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары