
Жаңақала аудандық мешітінде Ережеп айының құрметіне орай ерлер жамағаты арасында жарыс өтті. Жарысты Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов ашып, ақтілегін айтып, жарыста бақ сынасқалы тұрған жамағатқа сәттілік тілеп, шараны жүргізіп отырды.
Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жәкенов арнайы қатысып, қазылық етті. Хадис жарысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші хадисті жатқа айтудан 1-орын (15 000теңге) Алтынбек Бижанов, 2- орын (10 000 теңге) Ақмерген Нұрлыбек, 3-орын (5000 теңге) Абат Исмурзин иеленсе, екіншісі хадисті тақырыбына сай түсіндіруден1-орын (15 000теңге) Әсет Рахимов, 2- орын (10 000 теңге) Орал Қисамеддин, 3-орын (5000 теңге) Талғат Мұратовтың қанжығасына байланды. Барша жеңімпаздарға сертификаттар табысталды.
Жарыстан кейін барша сайысқа қатысушылар мен қолдау көрсеткен жамағатқа мешіт атынан ақдастархан жайылды.
Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Қуанышбайұлы «Білім» жайында уағыз айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Пікірлер