Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
НАИБ МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
27 наурыз, 2019 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, PhD доктор - Әділбаев Алау Шайқымұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы, Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты - Сабдин Асқар, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы - Жаншин Нүрсұлтан, Жамбыл облысы дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары - Мутанов Самғат, Тілманбетов Таңат, Түркістан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы - Мұстафаев Мұрат, Қызылорда қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен теолог мамандары, имамдар, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Аймақтағы діни тұрақтылықты сақтау және діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдарға қарсы жергілікті ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін және оңалту жұмыстарындағы теолог мамандардың пәрменділігін арттыру және көршілес өңірлердің мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында өткен жиында тәжірибелі мамандар жат ағым жетегінде кетіп, сыртқы саяси мүдделердің құрбандарына айналған тұлғаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу және қайта бейімдеудің тиімді әдістерін талқылады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары