
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауылдық мешітінің бас имамы Баймұханов Руслан мен мешіт жанынан құрылған ерікті жастардан тұратын «Үммет жастарының» ұйымдастырумен «Бала бақыты-қоғам бақыты» атты аз қамтылған және көп балалы отбасындағы елу балаға арналған қайырымдылық шара өтті.
Балалардың тоқсандық демалысында ұйымдастырылған шарада өкіл имам С.Сейтбеков сөз сөйлеп, балаларға жылы лебізін білдірді. Мешіт алдында арнайы эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, батуттар құрылып, балалардың қуанышына себепкер болды. Жарыстан жеңімпаз болған бүлдіршіндерге сыйлықтар мен марапаттау қағазы таратылды. Балалардың аналарына да көңіл бөлініп, оларға сыйлықтар мен азық- түлік үлестірілді.
Шара соңында дастархан жайылып, ас берілді.
Пікірлер