
Өскемен өңірі бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен мешіт ұстаздары Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінде болып, бүлдіршіндерге Наурыз мерекесінің дастарханын жайып, Ұлыстың ұлы күніне арналған шара өткізіп қайтты.
Мешіт ұстаздары балалардың мерекелік ойын-сауық бағдарламасын тамашалап, оларға ғибратты әрі қызықты әңгімелер айтып берді.
Осы берекелі шараны ұйымдастырушы сектор меңгерушісі Талшын Кожахметова: «Жетім балаларға қуаныш сыйлап, олардың жүздерінен күлкі көрудің өзі адамды ерекше әсерге бөлейді. Біз өкілдік тарапынан оларға үнемі көңіл бөліп келеміз. Бүгін жеткіншектерге ұлтымыздың Наурыз мерекесінің шуағын сыйладық» деп атап өтті.
Балаларға көктем шуағын сыйлаған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстаздарына «Үміт» балалар үйінің басшылығы алғыстарын білдірді.
Пікірлер