
20 наурыз күні Астана қаласының оң жағалауындағы Кенесары хан ескерткіші маңына жиналған бір топ жастар жолай кездескендерге гүл сыйлай бастады. «Nur Otan» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болған «Қазақстан - қызғалдақтар отаны» республикалық акциясы мен «Қызғалдақ сыйла» челленджі осылай басталды. Аталмыш іс-шаралар Наурыз мерекесіне арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауа райының қытымырлығына қарамастан акция қатысушылары қала тұрғындарына жылылық пен мейірім, әдемі көңіл-күй сыйлай білді.
Пікірлер