Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында қазақтың салт-дәстүрін дәріптеген «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» атты мәдени іс шара болып өтті.
Мерекеге Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов қатысып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, ақбатасын берді.
Аталмыш шараға имамдар мен «Орал» медресесінің шәкірттері, мемлекеттік мекемелер, діни бірлестіктер, этномәдени орталықтар, еріктілер тобы, БАҚ өкілдері қатысты.
Пікірлер