
Павлодар облысы, Аққулы ауданы «Ғабдул Уахит» мешітінің бас имамы Мақсат Сансызбайұлының ұйымдастыруымен Павлодар облысы бойынша ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС өкілі Қазбек Ашкенұлы семинар өткізді.
Семинарға мешіт алқа мүшелері, мешіт жамағаты, аталмыш ауданға қарасты ауыл имам-молдалары, қасапшылар және ауыл тұрғындары қатысты.
Қазбек Әшкенұлы кездесуге қатысушыларға халал туралы толық түсінік бере келе жалпы «Халал Даму» бөлімінің мақсатын жиналған көпшілікке кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар заман талабына сай электронды және бейнебаян мәліметтер арқылы «Халал Даму» технологиясының жұмыстарымен таныстырды, осы уақытқа дейін ҚМДБ тарапынан Халал сертификаты берілген еліміздегі кәсіпорындар жайлы да ауқымды ақпарат айтылып өтті.
Пікірлер