
«Зекет» қорының базасына тіркелген, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған және қамқорлығында мүгедек балалары бар мұқтаждардың қатарынан іріктелген 30 отбасыға көмек көрсетілді. Іс-шараға қордың атқарушы директоры Талғат Сейіткәрімұлы қысқаша қор жайлы, басты мақсаты мен бағыты туралы және Исламдағы қайырымдылық жасаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғады.
Осы ретте ҚМДБ «Зекет» қоры сауапты іс-шараларға ат салысқан азаматтарға алғысын білдіріп, болашақта өз үлесін қосуға ниет еткен қайырымды жандардың қатары көбейетініне сенеді.
Пікірлер